Әлихан Смайылов Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құттықтауды премьер-министрдің баспасөз қызметі жариялады.

"Құрметті отандастар!

Сіздерді жер бетіндегі күллі мұсылман үмбеті үшін қасиетті мереке – Құрбан айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Ежелден елдің ынтымағы мен мерейін асыратын, адам баласын татулық пен ауызбіршілікке шақыратын ұлық мейрам әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш лебін сыйлайды. Ізгілікке, қайырымды істерге жол ашады. Сондықтан да ол әрбір жанның жүрегінен ерекше орын алады. Біздің рухани құндылықтарымызбен бірге жасай бермек.

Әрдайым отбасының берекесі мен елдің игілігі үшін жасаған ниеттеріңіз қабыл болсын. Құрбан айт үйлеріңізге құт-береке алып келсін.

Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!"

Ізгі ниетпен, Әлихан Смайылов

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады