Экология министрлігі Каспийдің жағасында екі итбалықтың өлексесі табылғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды

Сурет: pixabay
28 маусым күні БАҚ-та Ақтауда теңіз жағасынан өлі итбалықтар табылғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Алайда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 28 маусым күні жаңалықтар порталында Ақтау қаласының Каспий теңізі жағасындағы демалыс орнында 2 өлі итбалық табылғаны туралы ақпарат жарияланды.

Ведомство өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, табиғат қорғау прокуратурасы, мамандандырылған ғылыми ұйымдардың өкілдері, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология департаменттері және құқық қорғау органдары кіретін жұмыс тобының барлық мүшелері жедел түрде хабардар етілгенін мәлімдеді.

"29 маусым күні таңертең жергілікті балық инспекциясы басқармасы, экология департаменті, ветеринарлық қызмет және Қазгидромет қызметкерлері болжамды орынға шықты. Алайда, болжамды жерде итбалықтардың өлекселері табылмады, бұл туралы тиісті акт жасалды", – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ министрлік облыстық балық инспекциясы басқармасының инспекторлары итбалық өлекселерін анықтау мақсатында Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізіп жатқанын хабарлады.


Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді