Алматыда Ұлттық домбыра күнін тойлау басталып кетті

Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Алматыда 2 шілде сағат 20:00-де Абай алаңында Ұлттық домбыра күніне орай "Аңыз Домбыра" мерекелік концерті өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған концертте Мейрамбек Беспаев, Асылбек Еңсепов, Ғазизхан Шекербек, Жанар Айжанова, "Алашұлы" тобы, Тамара Асар, Ерболат Құдайберген, Нұрлан Албан, "Ұлытау" тобы, Райм Уайс, Kyle Ruh, "Made in KZ" және т. б. өнер көрсетеді.

Одан бөлек концертке танымал күйшілер – Нұржан Тәжікенов, Айгүл Қосанова, Тілеулес Құрманғалиев, Сәуле Жанпейісова, Гүлмира Сарина, Ардақ Исатаева және Еркін Құдайберген қатысады. Олар ұлы композиторлар Құрманғазы мен Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын орындайды. Іс-шара аясында қазақ халық аспаптары шеберлерін – талантты қолөнершілерді естелік сыйлықтармен марапаттау өтеді.

Айта кетерлігі, ұлттық аспаптың құрметіне арналған мереке Қазақстанда жыл сайын 2018 жылдан бастап шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.

Ұлттық домбыра күнін мерекелеу қаланың басқа аудандарында да өтеді:

Сонымен қатар, Алмалы және Бостандық аудандарында Ұлттық домбыра күніне арналған домбырашылар флешмобы өтеді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі