5 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 5 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа райын әлі де циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер анықтайды, соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстік-батысында, шығысында және орталықта бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болжанды.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +29+31°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +27+29°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз