Алматының Орталық саябағындағы аттракциондарға кімдер тегін міне алады

Сурет: unsplash
Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы аттракциондарға халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балалар тегін міне алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазғы демалыс кезеңінде Алматы әкімдігі алықтың әлеуметтік осал тобының балалары Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы аттракциондарына тегін отырғызу мәселесін пысықтады. Тиісті ұсынысты саябақ әкімшілігі де қолдады. Осылайша саябақта аттракциондар үшін тегін карталар шығару туралы шешім қабылданды. Бұл акция Алматы қаласының тұрғындары үшін қолжетімді.

Бұл акция алықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы 22 мың баланы қамтиды деп жоспарланған.

Карточкалар кез келген аттракцион мен карусельге 15 шілдеден бастап тегін мінуге мүмкіндік береді.

Карточкаларды алу үшін "Алтын Тараз" ЖШС кеңсесіне мына мекенжай бойынша баруқажет: Гоголь, 1 (саябақ аумағында). Өзіңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі (көшірмесі немесе электронды түрде) болуы міндетті. Анықтама үшін телефон: +7 (705) 892-75-24.

Сонымен қатар балаларға қоғамдық бірлестіктердің (мүгедектер үйі, зағип жандар қоғамдастығы, балалар үйлері, интернаттар және т.б.) өтініші бойынша аттракциондарға тегін бару құқығы беріледі.

Саябақта тегін нысандар бар: футбол алаңы, баскетбол алаңы, скейт-парк, роликтер алаңы, үстел теннисі корты, воркаут алаңы. Жаз мезгілінде әр сенбі және жексенбі күндері балалар қалашығының сахнасында балаларға арналған тегін екі сағаттық шоу ұйымдастырылады. Барлық іс-шараның шығынын саябақ әкімшілігі өз мойнына алды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы