"ҚазАвтоЖол" республикалық жолдардағы көлік қозғалысы шектелетінін ескертті

Сурет: pixabay
2023 жылғы 15 шілде күнгі сағат 18:00-ден бастап 16 шілде сағат 08:00-ге дейін (14 сағат) Р-10 айналма жолында көлік қозғалысы толық шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мердігер ұйым жол жабының жоғарғы қабатын орнату жұмыстарын жүргізеді.

"Балама жол ретінде Ы. Алтынсарин ауылы арқылы өтетін жолды (96 разъезд) қолдануға болады. Сонымен қатар қалаішілік жолдар арқылы қатынауға болады: С.Мұқанов (мамандандырылған ХҚКО) - Баршын көшесі – Н.Тілендиев көшесі – Көктал көшесі – М. Дулатов көшесі - А. Герцен көшесі – Малахов көшесі – Сусамыр көшесі-30 – шы көше-Өндіріс көшесі", - делінген хабарламада.  

"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарап, маршрутты алдын-ала жоспарлауды ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы