Синоптиктер сейсенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты

Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстандағы 18 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктер жаңбыр жауады деп болжап отыр.

"Солтүстік-батыста қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - деп хабарлады синоптиктер.

Республикада жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыста түнде және таңертең  тұман.

Астанада көшпелі бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан екпіні 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз өте ыстық +34+36°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан екпіні 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз өте ыстық +36+38°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Екпіні 8-13 метр, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз +36+38°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты