Қазақстан қысқа мерзімде құны шамамен 400 миллион доллар болатын 100 түрлі тауар экспорттауға дайын

Сурет: akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жиддадағы "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" бірінші саммитіндегі сөйлеген сөзінде ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бірнеше басым бағытттарды айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқаев ең әуелі сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мәселесіне тоқтады.

Оның сөзінше, Қазақстан қысқа мерзімде құны шамамен 400 миллион доллар болатын 100 түрлі тауар экспорттауға дайын.

"Соңғы жылдары біздің аймақтың ынтымақтастық кеңесі елдерімен сауда-саттығы қарқынды дами бастады. Мұны ерекше атап өткен жөн. Бірақ көрсеткіштер біздің әлеуетіміздің толық пайдаланылмай отырғанын көрсетеді. Тауар айналымын айтарлықтай арттыру үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Ол үшін өзара сауда номенклатурасын ұлғайту қажет. Мысалы, Қазақстан қысқа мерзімде құны шамамен 400 миллион доллар болатын 100 түрлі тауар экспорттауға дайын"Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді