Жетісу облысында ата-аналар балабақшадағы тамақтың сапасы мен антисанитариялық жағдайға шағымданды

Сурет: pixabay
Алакөл ауданы Қабанбай ауылындағы балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналары мектепке дейінгі мекемедегі тамақтың сапасына алаңдаулы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ата-аналардың айтуынша, балаларға мерзімі өтіп кеткен және иісі жағымсыз тартылған ет беріледі екен. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанғандықтан, ата-аналар балабақша асханасын тексеруді сұрап отыр.
"Қазір балабақшаларға не болған? Балаларымызды беруге қорқамыз. Балаларды сасық тартылған етпен қалай тамақтандыруға болады? Ондағылар бәрін үнемдегісі келеді", – дейді ата-аналар.
Мәселе бұл ғана емес: ата-аналардың айтуынша, балабақша аумағында антисанитариялық жағдай орын алған. Терезе алдындағы шаң мен әжетханадағы тарақан мектепке дейінгі мекемеге келген ауыл тұрғындарын шошытқан.

Алакөл аудандық білім бөлімі балабақшаға уәкілетті орган қызметкерлері жіберілгенін хабарлады.
"Қазір білім бөлімі, СЭС және ауыл әкімдігінің мамандары ата-аналармен бірге жағдайды шешу үшін балабақшаға кетті. Сол жерде тексеру жүргізеді", – деді Zakon.kz тілшісіне аудандық білім бөлімінің басшысы Әсет Ибраимов.
Қазір Қабанбай ауылындағы балабақшада 140 бала тәрбиеленуде.
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді