Қызылордалық тұрғындарды 26,7 млн теңгеге алдаған әккі алаяқ ұсталды

Сурет: polisia.kz
Қызылордада 19 тұрғынды 26,7 млн теңгеге алдаған әккі алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері 19 қала тұрғынын сыйақы үшін қайтарымсыз грант алып беремін деп уәде берген 42 жастағы әйелді анықтады.

Күдікті әйел 2022 жылдың наурыз айынан бастап қайтарымсыз грант алып беруге мүмкіндігі бар екендігін айтып, 19 жәбірленушіден жалпы сомасы 26 млн 730 мың теңге ақша алған. Ақшаны алғаннан кейін бұл азаматша телефон қоңырауларына жауап бермей, қашып жүрген.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас әрекеттерінен зардап шеккендерді анықтау бойынша жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады