Абай облысында 9 жастағы қызды зорлаған ер адам 25 жылға сотталды

Сурет: freepik
Абай облысында 9 жастағы қызды зорлаған ер адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты былтыр 9 жасар қызды зорлаған 48 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды, деп жазды "Не Молчи" қоғамдық қорының президенті Дина Смаилова Instagram желісіндегі парақшасында.

Ер адам жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.

2022 жылғы тамызда Үржар ауылында 9 жастағы қызды көршісі аяусыз зорлаған. Полицияға арызды баланың анасы жазған, ол істі жабылып қала ма қорыққан, өйткені оның айтуынша, күдіктінің туысы полицияда жұмыс істейді. Әйелдің айтуынша, көршісі 48 жаста, үйленген, балалары бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды