Қазақстанда дүйсенбіде 43 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 24 шілдеде Қазақстанның 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлады Zakon.kz.

Қарағанды облысының шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с күтіледі, облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 24 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Атырау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың шығысында 35 градус қатты ыстық сақталады. 24 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 24 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. 24-26 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте 24 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. 24-26 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Абай облысының батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус, оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. 24 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. 24 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 24 шілдеде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. 24 шілдеде облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қызылорда облысының басым бөлігінде 40-43 градус қатты ыстық сақталады. 24-26 шілдеде облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Астанада 24 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүтік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 24 шілдеде Павлодар облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-39 градус сақталады. 24-26 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 24 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 24 шілдеде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 24 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда 24-26 шілдеде күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: