БҚО-да жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

Сурет: БҚО полиция департаменті
БҚО-да жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 20 шілде күні сағат 22:45 уақыт шамасында "Самара-Шымкент" тас жолының 415-шақырымында болған. 1984 жылғы Ш есімді жүргізуші "Ниссан Тиана" маркалы автокөлімен жолға шыққан жылқы үйіріне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан 1983 жылғы К есімді жолаушы оқиға орнында көз жұмды.Жүргізуші мен жолаушы Ақтөбе облысының тұрғындары.

Сурет: БҚО полиция департаменті

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының  3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) 

Қазіргі уақытта малды қараусыз қалдыру дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтыру үшін малдың иесін іздестіріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз