Павлодар облысында адамдарды бопсалаумен айналысқан үш күдікті ұсталды

Павлодар облысында елді бопсалаумен айналысқан үш күдікті қамауға алынды. Оларды жәбірленушінің өзі полицияға ұстап берді. Бұзақылар тұрғынға бірнеше ай бойы күш көрсетіп, ақшасын тартып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында күдікті үш жігіттің Ақсу қаласының тумасы екені анықталды. Олардың біреуі бұған дейін де дәл осы қылмысы үшін істі болған екен. Алайда қасына тағы екі жігітті ертіп, жергілікті тұрғынға зорлық-зомбылық көрсетіп, 100 мың теңгесін күшпен тартып алыпты. Қазіргі уақытта бопсалаушылар қамауға алынып, тергеу басталды. Егер кінәсі дәлелденсе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызыметкерлері жедел іздестіру ісшараларын жүргізу кезінде Ұлттық қауіпсіздік комиттеті қызыметкерлерімен бірлесіп, Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен бопсалаушы күдіктілер ұсталды. Жергілікті тұрғынан бірнеше ай бойы қоқан-лоққы зорлық-зомбылық көрсетілгені бойынша полицияға шағымданды. Тінту кезіңде күдіктілерден қолдан жасалған пышақтар, ұялы телефондар, сондай-ақ басқа заттар тәркіленген. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр".Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі Қайыргүл Оңалбаева
Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: