Алматының "Ақжар" ықшамауданының тұрғындары сумен қамтылады

Сурет: pixabay
"Ақжардың" 22 мыңнан астам тұрғыны жер асты су көздерінен үздіксіз су алатын болады. Қала билігі 1 тамыздан бастап жаңа су құбыры іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Almaty.tv сайтының жазуынша, 31 шілдеде жалпы ұзындығы 3,4 шақырым болатын жаңа құбырларды сынақтан өткізу жоспарланған, ал Наурызбай ауданына қарасты "Акбар" шағын ауданында су құбырының жаңа тармағы мен сорғы станциясы жұмыс істей бастайды.

Сонымен қатар Наурызбай өңірінің инженерлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасын табады.

Мәселен, бүгінде 130 шақырым су құбыры, 65 шақырым кәріз желісі тартылды. Биыл Қарғалы өзенінде жаңа сүзгі стансасының құрылысы аяқталады. 2025 жылға дейін Ақсай өзеніндегі осындай сүзгі стансасының құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл шаралар Наурызбай ауданының 150 мың тұрғынын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еске салсақ, Алматының Наурызбай ауданында мұздықтардың тез еруінен тау өзендерінде сел жүріп, су жинау шектелген.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды