Қазақстанда вейпке мүлде тыйым салынуы мүмкін

Сурет: pixabay
Ведомствоаралық комиссия мүшелері вейптерге, сұйықтықтарға және соларға арналған хош иістендіргіштерге толығымен тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жаңалықты Respublica партиясы өзінің Telegram арнасында жариялады.
"2023 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Respublica партиясының фракция мүшесі Нұргүл Тау еліміздің премьер-министріне депутаттық сауал жолдаған болатын. Сауал қазақстандықтардың балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында вейптердің таралуын тоқтатуды талап еткен үндеулеріне негізделген", – делінген хабарламада.

Депутаттың айтуынша, ведомствааралық комиссия мүшелерінің барлығы дерлік бірауыздан (12 қарсы 2) вейптерді сатуға, әкелуге, экспорттауға және өндіруге толық тыйым салуды қолдап дауыс берген.


Қаржы министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жылда вейп айналымы 300 есеге өскен. Соңғы бірнеше жылда балалар мен жасөспірімдер арасында вейп тұтыну айтарлықтай өскен. 2,5 жыл ішінде елімізге 3 миллионға жуық вейп әкелінген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді