Денсаулық сақтау министрлігі Украинадағы зертханалардың Қазақстанға көшірілгені туралы қауесетті жоққа шығарды

Сурет: pixabay
Қазақстанда Американың биологиялық зертханалары орналастырылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

StopFake.kz порталының жазуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда 30 биологиялық зертхана орналастырылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Әлеуметтік желілерде және кейбір сайттарда Қазақстан бұған дейін Украинада жұмыс істеген 30 америкалық биозертхананы өз аумағында орналастырғаны туралы ақпарат тараған еді.

"Бұл фейк, ҚР аумағында өзге мемлекеттердің биозертханаларын орналастыру жоспарда болмаған және жоспарланып отырған жоқ", – деп жауап берген ведомство өкілдері порталға берген жауабында.

Қазақстанда бар делінетін шетелдік биологиялық зертханалар жөніндегі алып-қашпа әңгіме бұған дейін де айтылған. Ақпан айында ресейлік депутаттар мұндай мәлімдемені жоққа шығарды, ал наурызда Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан шет мемлекеттердің қатысуымен биологиялық зертханаларды жөндеу мәселесін қарастырмағанын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді