Павлодар облысының әкімі соққыға жығылған жасөспірім оқиғасына қатысты пікір білдірді

Сурет: Instagram/asaiyn.baikhan
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жаппай төбелес кезінде соққыға жығылып, ауруханаға түскен 14 жасар баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы өңір әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Бүгін мен аппараттық жиналыстың жабық бөлігінде Павлодар қаласында оқушыны жабылып ұрып-соғу оқиғасы бойынша сұрақты қозғадым.Ата-ана ретінде мен бұған бей-жай қарай алмадым, сондықтан, полиция департаменті мен облыстың білім басқармасының басшылығына орын алған жағдайды тергеу барысымен мені хабардар етіп отыруды тапсырдым".Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов

Әкім жиналыстан кейін күдіктілер мен зардап шеккен балалар оқитын мектептердің біріне барып, педагогтармен сөйлескенін, мемлекеттік органдарға зардап шеккен баланың отбасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырғанын да нақтылады.

"Мұндай фактілер біздің қоғамда үйреншікті жағдайға айналмауы керек. Ондай жағдайларды түбімен жою, балаларды мейірімділікке, адалдыққа және әділеттілікке тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз". Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов

Павлодарда 31 шілдеде жаппай төбелес кезінде зардап шеккен 14 жасар жасөспірім ауруханаға түскен болатын.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек