Ақмола тұрғыны ардагерден ақша бопсалады деген күдікке ілінді

Сурет: polisia.kz
Ақмола тұрғыны ардагерден ақша бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысы полиция департаменті Бурабай аудандық полиция бөлімінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Бурабай курорттық аймағының аумағында бопсалаумен айналысқан жас жігітті ұстады.

6 шілдеде Бурабай аудандық полициясының кезекші бөліміне 64 жастағы ер адам 3 шілде күні Щучинск қаласында 100 мың теңге сомасында қаражат бопсалағаны туралы арызданған. Жәбірленуші күдіктіге ақшаны бөліп берген. Ер адам адамдарды тасымалдаумен айналысады. Ол өзі ардагер-интернационалист.

3 шілде күні ол шақыруға келгенде, бейтаныс адамдар көліктің салонына секіре кіріп, олардың бірі күш көрсетіп, қауіп төндіріп, ақша талап ете бастаған.

Бұған қатысты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі ("Бопсалау") бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер Щучинск қаласының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті қамауға алынды. Жігіт өз кінәсін мойындады. Ол өзіне ақша керек болғанын және жәбірленушіден алған барлық қаражатты өзінің жеке қажеттілігіне жұмсағанын айтты.

Полиция қызметкерлері осы аумақтағы осындай қылмыстан зардап шеккендердің бәрін полицияға хабарласуды сұрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме