Алматыда алғаш рет эпилепсиясы бар нәрестеге ота жасалды

Сурет: pixabay
Алматыда эпилепсия диагнозы қойылған жеті айлық балаға операция №2 ауруханада неміс хирургі Ульрих Томаленің қатысуымен жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл – отандық медицинадағы жоғары нәтиже әрі әлемдік деңгей, деп мәлімдеді Almaty.tv.

Анасы баласының денсаулығындағы кінәрат туғаннан бар екенін байқаған. Басында  дәрігерлер "мұндай жағдай барлығында болады" деп сабырға шақырған көрінеді. Анасының айтуынша, баланың бір күнде 50 рет ұстамасы ұстаған кездері болыпты.

"Бұл 7 айға жалғасты. Сәбидің мұндай халін көру ауыр. Сондықтан өзімді қолға алып, оған ота жасатуға бел будым. Дәрігерлер алып кетіп бара жатқанда да қорқып, қасында отыруды сұрадым. Жансақтау бөлімінен шығарғанда, көз ілмей қарап отырдым. Қазір денсаулығы жақсы", – деді баланың анасы Әйгерім Егеубай.

№2 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирург дәрігері Азамат Жайылғанов жеті айлық нәресте ота жасаған ең жас науқасы екенін айтты.

"Шетелдік білікті дәрігердің шеберлік сағатынан кейін ауруханада 4 адамға операция жасалды. Барлығы сәтті аяқталды. Ем-домнан кейін олардан эпилепсиядан болатын ұстама анықталмады", – дейді дәрігер.

2023 жылғы 19 шілде күні павлодарлық кардиохирургтар сирек кездесетін дертке шалдыққан жасөспірімге күрделі ота жасады. Ол ауруханаға жүректің туа біткен ақауымен және сирек кездесетін қолқа қақпақшасының патологиясы диагнозымен түскен.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз