Жамбыл облысында 19 жылқыны ұрлаған тұрғын 5 жылға сотталды

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында 10 млн теңгеден асатын сомадағы 19 жылқыны ұрлаған тұрғын 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық соты "Бөтеннің малын жасырын жымқыру" (Қылмыстық кодекстің 188-1б. 3б 1т.) бойынша айыпталған Д.-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

2023 жылдың мамыр айында Қаракемер ауылында сотталушы Д.  "Т." шаруа қожалығының аумағынан 6 жылқыны заңсыз жымқырып, жәбірленуші А.-ға жалпы құны 3 700 000 теңге материалдық залал келтірген.    


"Өзінің жазасыздығын түсініп, 2023 жылдың маусым айында тағы да 13 бас жылқыны жымқырып, жәбірленуші П.-ге жалпы құны 6 740 000 теңгеге материалдық залал келтірген. Күдікті жәбірленушілерге барлығы 10 440 000 теңге сомада залал келтірген", - делінген Жамбыл облыстық соты таратқан хабарламада.

Прокурор сотталушы Д.-ға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілер келтірілген залалдың толық өтелуіне байланысты сотталушыға  бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындамауды сұрады.

Д.  кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен Д.-ға  5 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды