Павлодардағы балабақшада дөрекілік көрсеткен тәрбиеші жұмыстан қуылды

Сурет: pixabay
Павлодар балабақшасында дөрекілік көрсеткен тәрбиеші жұмыстан қуылды, полиция сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс орталығында "Самал" оңалту орталығында тәрбиеші балаға дөрекілік көрсетіп жатқаны видеоға түсіп қалып, кейін әлеуметтік желіде тараған. Бейнебақылау камерасынан орталықтың тәрбиешісі баланың қолынан ұстап, дөрекілік көрсетіп жатқанын көруге болады.

 "Самал" оңалту орталығында бұл жағдайды растап, бұл оқиға 19 мамыр күні болғанын хабарлады.

"Шағымға қатысты ішкі қызметтік тексеріс жүргіздік. Тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шығарылды. Әкімшілік мәселені бақылауға алды. Топтарда қосымша бейнебақылау камералар орнатылды", - деп жауап берді орталық.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы да бұл жағдайды зерттеген. Әлмира Дисюпованың сөзінше, бұл жағдай мүгедектігі бар балалар баратын топта емес, басқа, қалған балалар баратын топта болған. Оның сөзінше, мүгедектігі бар балалар топтарында ешқандай дөрекілік көрсету дерегі анықталған жоқ. 

Облыстық полиция департаменті болған жағдайды зерттеп жатыр. 

"Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады департамент. 
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі