FlyArystan-ның халықаралық рейстеріне енді әуежайда тіркелу ақылы болады

Сурет: Zakon.kz
FlyArystan-ның халықаралық рейстеріне енді әуежайда тіркелу ақылы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әуе компанияның ресми сайты хабарлады.

"2023 жылдың 3 шілдесінен бастап халықаралық рейстерге тегін онлайн тіркелу ашылды. Бонустық кезең ішінде бір ай бойы халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу тегін болды. 2023 жылдың 3 тамызынан бастап халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу ақылы болады". FlyArystan

Әуежайда тіркелу қызметін алдын ала онлайн сатып алу – ішкі рейстерге 500 теңге, халықаралық рейстерге 5 000 теңге(10 еуро).

Мұны билетті брондаған кезде немесе билетті брондағаннан кейін "+Жүк, орын, тағам" бөлімі арқылы немесе FlyArystan мобильді қосымшада "Менің сапарларым" арқылы алдын ала сатып алуға болады.

Әуежайда тіркелу қызметін iJan терминалда сатып алу – 1000 теңге.


"Ұшып шығу алдындағы төлеммен әуежай бағанасында тіркелу – ішкі рейстерге 1000 теңге, халықаралық рейстерге10 000 теңге (20 еуро). Онлайн тіркелу – тегін. Отырғызу талонын басып шығару – тегін. Брондалған жолжүкті тіркеу – тегін. Халықаралық рейстерге онлайн тіркелу кезінде отырғызу талоны берілмейді, қауіпсіздік мақсатында, қажетті құжаттарды тексеру үшін тіркеу пунктіне келу керек .iJan терминалдары қазіргі уақытта Қазақстан ішіндегі ішкі рейстерде ғана қолжетімді".FlyArystan
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды