Александр Недовесов Аустриядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Доданың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда монаколық Ромен Арнеодо – аустриялық Сэм Вайссборнмен кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:3 есебімен басымдылық танытты. Екінші сетте де олар 2:0 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:2.

Сосын матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.

Александр Недовесов пен Гонсало Эксобар финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, италиялықтар Симоне Болелли – Андреа Вавассори немесе португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матос жұптарының қай жеңгенімен кездеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді