Демалыс күндері аптап ыстықтың беті қайтып, нөсер жаңбыр жауады

Сурет: pixabay
Қазақстандық синоптиктер алдағы демалыс күндері – 2023 жылдың 5-7 тамызы аралығында республика бойынша күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжам бойынша, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп төмендеп,нөсер жаңбыр жауады.
"Таяу тәуліктерде Қазақстан аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күн райы құбылмалы болады: республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында екпінді желмен бірге қатты жаңбыр, бұршақ жаууы, дауыл тұруы мүмкін... Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Алайда 5-6 тамызда Қазақстанның оңтүстік-шығысында күндіз +40+42°С-қа дейін қатты ыстық болады деп болжанды"."Қазгидромет" РМК

Ал еліміздің батыс облыстарында күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Сондай-ақ республикада жел күшейеді деп болжанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Қадір түнін қалай өткізу керек