Алматы облысында жаппай төбелес кезінде 17 жастағы жасөспірімді атып кетті

Сурет: видео скрині
Алматы облысындағы оқушылар арасында жаппай төбелес кезінде 17 жастағы жасөспірім мерт болды, оған мылтық оғы тиген, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 тамызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылындағы үйлердің бірінің ауласында зорлықпен өлім белгілері бар 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды.

"Жасөспірімның мылтық оғынан жарақат алып, қаза болғаны анықталды. Ол мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазіргі уақытта 9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі,14-тармағы бойынша аудандық полицияда тіркелді және сотқа дейінгі тергеу басталды". Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов

Алматы облысындағы Бәйдібек би ауылында сағат түнгі 12-де жастар арасында төбелес болып, оқушылардың бірі жарақат алып, қайтыс болды.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желідегі парақшаларда тарады.


Облыстық полиция департаменті бастығының айтуынша, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"Басқа қатысушыларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды".Бауыржан Әленов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды