ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің 7 тамыз күні мәлімдеуінше, ол ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.
Ол 1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Алматы сәулет-құрылыс институтын, технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-құрылысшы, заңгер-сарапшы.
Еңбек жолын 1978 жылы бастаған. Жылжымалы механикаландырылған колонналардың шебері, прорабы, 1991-1994 жылдары Орал облыстық атқару комитетінің сәулет және құрылыс комитетінің шаруашылық есептегі жобалау-өндірістік сәулет-жоспарлау бюросының директоры, "Сәулет"шағын кәсіпорны, БҚО Жалпақтал аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары, Орал "Оралавтодор"қазыналық кәсіпорнының бас маманы, директордың дорфонд бойынша орынбасары қызметтерін атқарған.
Орал қаласы әкімінің орынбасары, "Қазақстан Темір Жолы "ҰК" АҚ филиалының директоры, БҚО әкімінің кеңесшісі болған, 2009-2010 жылдары коммерциялық ұйымды басқарды.
Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры, ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы,"Мемсараптама" РМК бірінші орынбасары; бас директорының м. а., "Мемсараптама"РМК бас директоры, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.