Түркістан облысында жолаушылар мінген автобус жол апатына ұшырап, екі адам мерт болды

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында жолаушылар мінген автобус жол апатына ұшырап, екі адам мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 тамыз күні сағат 18:00 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 720 шақырымында жол апаты болды.

Van Hool автобусының оң жақ доңғалағы жарылып, жолдың екі жақтамасын бөліп тұратын темір қоршауды қиратқан. Осылайша, автобус қарсы бағытта өз жолымен келе жатқан МАН жүк көлігінің артқы тіркемесіне соқтығысады.


Салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапса, ауруханаға жеткізілген 18 жолаушының бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Аталған автобус апатқа дейін Жетісай қаласынан Астана қаласына жолаушы тасымалдаған. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды