Ұлытау облысында шаруа қожалығынан 29 жылқыны ұрлаған күдіктілер ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ұлытау облысында шаруа қожалығынан 29 жылқыны ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

27 шілдеде Ұлытау облысы полиция департаменті Жаңаарқа полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауданның шаруа қожалықтарының бірінің қызметкерінен бейтаныс тұлғалардың 29 жылқыны ұрлағаны туралы арызданған.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді.

Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар жылқыларды тасымалдау үшін тіркемесі бар жүк көлігін пайдаланған.

Жамбыл және Түркістан облыстарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 26 және 28 жастағы екі күдікті анықталып, ұсталды. Олар қылмысты жасағанын мойындаған. Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Түркістан облысы Қазығұрт ауданының елді мекендерінің бірінен ұрланған 7 жылқы мен автокөлік тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктілер ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Жезқазған қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді