9 тамыз күні Қазақстанда күн күркіреп, бұршақ жауады

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 9 тамызға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады.

"Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, күн күркіреп, дауыл тұруы мүмкін. Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында күн райы жауын-шашынсыз болады". "Қазгидромет" РМК

Ел аумағында екпінді жел соғады деп болжанды. Еліміздің батысында таңертең тұман күтіледі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +29+31°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +31+33°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +33+35°С.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: