Тоқаев Екібастұздағы алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 тамыз күні Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында орамішілік және магистральдық желілердің алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың айтуы бойынша, бүгінде магистральдық және орамішілік желілерге жүргізілген гидравликалық сынақтар нәтижесінде анықталған 304 ақау жойылып, 62 шақырым құбыр мен 95 дана бекіту арматурасының 76-сы ауыстырылды, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Сурет: akorda.kz

Сондай-ақ үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен 5,4 шақырым жылу магистралі жаңартылып жатыр.

Сурет: akorda.kz

Жалпы, облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, Екібастұздағы апатты жағдайлардың алдын алу үшін екі жобаны іске асыру аса қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз