Шымкентте 12 жастағы баланы ұрып, басқа көршілеріне де тыныштық бермей жүрген ер адам қамалды

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны және денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 14 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұран аудандық полиция бөліміне екі азамат көрші тұратын ер адамға қатысты арызданды. Бір мәлімдемеде көршісінің 12 жастағы баланы ұрғаны айтылған. Ал екінші арызданушы ер адамның оны қорлағаны туралы хабарлады. Полиция қызметкерлері екі жайт бойынша әкімшілік іс жүргізді. Құқық бұзушыға қатысты денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұсақ бұзақылық жайттары бойынша ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-бөлігі және 434-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.

Жинақталған іс-құжаттар қарау үшін мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Алайда ер адам бойтасалап үлгерген.

Патрульдік полиция полкінің экипаждары оны іздеуге және ұстауға бағытталды. Тәртіп сақшылары оны кеше ұстап, сотқа жеткізді. Сот қаулысымен ер адам 14 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.


Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды