1 қыркүйекте президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады

Сурет: pixabay
1 қыркүйек күні президенттік жастар кадр резервіне үшінші іріктеуге өтінім қабылдана бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР МҚІА таратқан ақпарат бойынша, іріктеуге өтінімдер pkrezerv.gov.kz сайты арқылы қабылданады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Биыл іріктеу мына бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты.
  2. Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау.
  3. Сыртқы саясат және инвестициялар.
  4. Экономикалық және қаржылық саясат.
  5. Цифрландыру.
  6. Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар осы жылғы желтоқсанда жарияланады.

 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды