Шымкентте жасөспірім полицияның қызметтік көлігін айдаған

Сурет: видео скрині
Шымкентте жасөспірім полицияның қызметтік көлігін айдаған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде полицияның қызметтік көлігі бейнеленген бейнежазба анықталды. Рөлді жас жігіт тізгіндеген.


Полицияның мәліметінше, автокөлікті полиция департаменті бөлімшелерінің бірінің басшысының туысы басқарғаны анықталды.

Қаратау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері лауазымды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі "Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы" бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлады.


"Қазіргі уақытта осы факт бойынша Шымкент полиция департаментінің жеке құрамы бойынша инспекция қызметтік тергеу жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша атқаратын лауазымынан шеттетілгенге дейін тәртіптік ықпал ету шаралары қабылданады", - делінген хабарламада.
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз