"Семей орманы" резерватының қызметкерлері жалақыны 70%-ға көтеруді талап етті

Сурет: видео скрині
"Семей орманы" резерватының қызметкерлері шу шығарды. Олар басшылықтан еңбекақыны 70%-ға көтеруді талап етті, - деп хабарлайды Zakon.kz.
"Олар орман шаруашылығының барлық қызметкерінің жалақысын көтеруге уәде берген еді. Алайда ол үстемақыны көрмедік. Қазір барлығы қымбат. Мардымсыз еңбекақымен қалай күн көреміз? Нағыз, қауіпке бас тігетіндердің ақшасы өспеген". "Семей орманы" МОТР филиалының өрт сөндіру станциясының бастығы Таңатбек Мусин

КТК телеарнасының хабарлауынша, "Семей орманы" резерватының кеңсесіне жиналған қызметкерлер жұмыс істеуден жаппай бас тартты. Себебі алапат өрттен кейін, экология және табиғи ресурстар министрі олардың жалақысын көтеруді уәде еткен. Дегенмен 1 шілдеден бастап 70% үстемақы орманшылардың бәріне бірдей қосылмаған. Кейбір қызметкердің жалақысы әлі де 60-80 мың теңге. Әсіресе, трактор және өрт техникаларының жүргізушілері, байланыс операторлары, техникалық қызметкерлердің жалақысы мүлдем өспеген. Ал резерват басшылығы еңбекақы дауына қатысты есеп-қисап жүргізілетінін жеткізді.

"Қайта есептеу өте ұзақ уақыт алады. Өйткені ұжым өте үлкен. 1300 қызметкер бар. Сондықтан есепшілер бәрін қайта есептейді. Үстемақы барлық қызметкерлерге төленеді. Шамамен дүйсенбі күні түсуі мүмкін"."Семей орманы" бас директорының міндетін атқарушы Әсемгүл Нысамбекова
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті