Жетісу облысында су басқан елді мекендердегі жағдай тұрақты – ТЖД

Сурет: Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су басқан үйлер жоқ.
"Жұмылдырылған күштер мен құралдар жүргізген инженерлік және су сору жұмыстарының нәтижесінде Жетісу облысының елді мекендерінің аулалар мен олардың маңындағы су кетті. Жалпы  3 456 текше метр су сорылды".  Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Құтқарушылар тұрғындарға аула аумақтарын қоқыс пен балшықтан тазартуға көмектесіп жатыр.

Эвакуациялау пунктінде 16 адам, оның ішінде 7 бала бар.

"Қазгидрометтің" болжамына сәйкес, 13 тамызда түнде Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл болады.

Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25-28 м/с-қа дейін жетеді.

Еске салайық, Жетісу облысында толассыз жауған жаңбырдан Үштөбеге баратын жолды су басып, Ешкіөлмес ауылында су тасқыны болды, Талдықорғанның орталық көшелерін де су басып қалды. Оқиға орнында облыс басшылығы бастаған штаб жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін