Абай облысында полиция қызметкерінің погонын жұлып алған әйел түрмеде отыр

Сурет: polisia.kz
Абай облысында полиция қызметкерінің погонын жұлып алған әйел бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылғы маусымда Өскемен соты 34 жастағы Лариса есімді (аты өзгертілді) әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 2-бөлігі ("Билік өкілін қорлау"), 380-бабы ("Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері") бойынша 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Мас күйінде куәландырудан өтуден бас тартқан әйел билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолдану, олар өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбай полиция қызметкерінің нысанды киімінен погонды жұлып алған.

Үкімнің орындалуы пробация қызметіне жүктелді. Алайда, әйел үкім бойынша міндеттерді орындамаған.

Полиция қызметкерлерін елемей, алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланған. 2023 жылдың сәуірінде Өскемен соты аталған бап бойынша тағайындалған жазаны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Қазір әйел жазасын Абай облысының орташа қауіпсіздік колониясында өтеп жатыр.

№23 қауіпсіздігі орташа мекемесінің қызметкері Б.Ахметханованың айтуынша, бұл сотталған әйелдің анасы Иванова (тегі өзгертілген) қызметкерлермен оқиға болған күні участкелік инспекторға қоңырау шалып, оларға үйде қызының мас екендігін және кәмелетке толмаған балалары бар екенін, өзінің жұмыста екенін айтқан.

Полиция қызметкерлері ақпаратты растау үшін үйіне барған. Онда полиция қызметкерлері мен сотталған Лариса арасында жанжал туындаған.

"Мен полиция қызметкерін ренжіткен мінез-құлқым үшін ұяламын мен мас болдым және өз әрекеттерімді есіме түсіре алмадым", - дейді Лариса.
"Сотталған өзінің кінәсын мойындаған. №23 мекемесінің қызметкерлері үнемі тәрбиелік сипаттағы әңгімелесулерді өткізеді. Сотталған әйелдің үйінде жас балалары қалды, қазір анасы қарап отыр. Қазіргі уақытта ол балаларды қатты сағынады, мекемеде ол жұмысқа орналасып түзелу жолына түсті. Босатылғаннан кейін оған осындай қайталама қылмыстардың алдын алу бойынша әлеуметтік құқықтық көмек көрсетіледі," - деді мекеме қызметкерлері.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті