18-20 тамызда Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерінің бірі жұмыс істемейді

Сурет: gov.kz
Қытаймен шекарадағы "Бақты" өткізу пункті 18-20 тамызда жұмыс істемейді. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет өкілдерінің мәліметінше, осы жылдың басынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жөніндегі жоба шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан "Бақты" автомобиль өткізу пункті қайта жаңартылып жатыр.

"Жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетін сыртқы сумен жабдықтау желілерін төсеу жоспарланған. Осыған байланысты Комитет жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу барысында автокөлік құралдарының жүруіне мүмкіндік болмағандықтан, 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында "Бақты" өткізу пунктінің жабылатынын хабарлайды". ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

"Бақты" өткізу пунктінің ашылуы 2023 жылғы 21 тамыздан бастап штаттық режимде жоспарланып отыр.

Ведомство келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.


Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды