Оралда бейтаныс біреулер кәсіпорынның ғимаратына кіріп, ақша салынған сейфті көтеріп әкеткен

Сурет: видеодан скриншот
Оралда бейтаныс біреулер кәсіпорынның ғимаратына кіріп, 30 мың теңге салынған сейфті көтеріп әкеткен, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

14 тамызда Орал полиция басқармасының кезекші бөліміне белгісіз біреулердің қаладағы кәсіпорындардың бірінің ғимаратына кіріп, 59 жастағы күзетшіге қатысты күш қолдана отырып, ішінде 30 мың теңге көлемінде қаржы салынған темір сейфті көтеріп алып кеткені жөнінде хабарлама келіп түседі.

Одан әрі қылмысқа барғандар кәсіпорын ғимаратының ауласында тұрған Largus автокөлігіне отырып оқиға орнынан бой тасалаған.


Автокөлік және сейф қаладағы көшелердің бірінен табылды. Сейф ашылып, ішіндегі ақша қылмыскерлердің қолында кетті. Аталған қылмысты ашуға БҚО ПД және Орал қалалық ПБ барлық қызметтері жұмылдырылды. Күдікті ретінде бес тұлғаны анықтап, қолға түсірді.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады