Шымкентте жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысып, бір адам мерт болды

Сурет: видео скрині
Шымкентте жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысып, бір адам мерт болды. Жол апаты 16 тамызда сағат 03:00 шамасында Абай даңғылы бойында болған. Opel Vectra автокөлігі мен Yamaha мотоциклі соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты кезінде мотоцикл тізіндеген 28 жастағы жігіт оқиға орнында қайтыс болды. Ал Opel жүргізушісі мен 3 жолаушысы (екі бойжеткен мен екі жігіт) әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, мотоцикл тізгіндеген адам қатты жылдамдықпен келе жатқан.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің  345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз