Алматылықтар Q-net қаржы пирамидасына 75 млн теңге салған

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы бойынша департаменті Q-net қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.


Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, тергеу барысында іс бойынша 5 айыпталушы 2018 жылдың қарашасынан 2022 жылға дейін Q-net қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарғаны анықталды. Оның қызметіне 45 салымшы тартылып, 75 млн теңге материалдық шығын келтірген. 

Қазіргі таңда 5 тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Тергеу барысында 27,7 млн теңге сомасына мүлік қамауға алынды. 

"Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз".Қаржылық мониторинг агенттігі

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады