Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Дастан Рыспеков Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Дастан Адайұлы Рыспеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Ол бұл қызметке 2020 жылғы ақпанда тағайындалған еді.

Дастан Рыспеков 1984 жылы Жезқазған қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 

2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары — Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы, Павлодар қ.. 

2019 жылдың сәуір айынан бастап 2020 жылғы ақпанға дейін  "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты