Биыл прокурорлық қадағалау актілері негізінде 22 құрылыс салушы ҚР ӘҚБтК 320-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 16 млн.теңгеге айыппұл салынды.
Құрылыс салушылар "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Заңның 7-бабын сақтамай үлескерлердің қаражатын тарта отырып үйлер салады.
Алайда, құрылыс мекемелер заңды айналып өтіп, азаматтармен тек алдын ала сатып алу-сату шарттарын жасақтайды.
Осыған байланысты жаңа ғимаратта пәтерді қауіпсіз таңдау үшін келесі талаптарға назар аудару қажет.
Құрылыс компаниясында жергілікті атқарушы органдардан алынған жерге тиісті құқық беру туралы шешім, инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық қызметтер көздеріне қосылуға техникалық шарттар, сондай-ақ салымшылардың қаражатын тартуға рұқсаттың болуы тиіс.
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органнан сәулет-жоспарлау тапсырмасы алынып, бас сәулетшімен келісілген нобайлық жоба, жұмыс жобасы сараптамасының оң қорытындысы және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның болуы маңызды.
Егер бұл құжаттар ұсынылмаған жағдайда, құрылыс объектісі заңсыз, яғни тиісті рұқсат құжаттармен ресімделмеген болып есептеледі.