"Вахталық жұмысқа орналастырып беремін". Түркістан мен Шымкентте тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Түркістан полицейлері вахталық жұмысқа орналастырып беремін деп, 10 тұрғынды алдаған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы мен Шымкент аумағында интернет-алаяқтықтың 10 дерегіне қатысы бар тұрғын анықталды.

Күдікті әлеуметтік желіге "вахталық жұмысқа тұрғызып беремін" деген жарнама салып, жәбірленушілердің сеніміне кірген.

Содан тұрғындардың ақшасын алып, өзінің таныстарының есепшотына аудартып отырған. Келтірілген шығын 1,2 млн теңге болды.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды