Ақмола тұрғынының атына немересі 2 млн теңге онлайн несие рәсімдеген

Сурет: polisia.kz
16 тамызда Ақмола облысы Атбасар аудандық полиция бөліміне әйел адам өзінің атынан әлдекімдер 2 млн теңгеден астам сомаға онлайн несие ресімдегенін айтып арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленушіге өтелмеген қарызы жайлы хабарлама келген, содан кейін ол бірден банкке барған. Мамандар ақпаратты растап, несие сомасы 2 млн 118 мың теңге екенін айтқан. Ол жағдайды анықтау үшін полицияға арызданған.

Онлайн-несие жәбірленушінің телефонынан ресімделген болып шықты. Мұны бала кезінен бағып-қаққан немересі алған екен.

Сол күні дәл осындай факт осы ауданда тіркелді. 38 жастағы ер адам өгей шешесінің атынан 36 мың теңге несие ресімдеген. 65 жастағы өгей шешесі мерзімі өткен қарыз туралы микронесиелік ұйымнан білген.

Екі фактіге қатысты Атбасар аудандық полиция бөлімінің құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді