Кеншілер енді 55 жастан бастап зейнетке шыға алады

Сурет: rawpixel
Қазақстанда енді кеншілер 55 жастан бастап зейнетке шыға алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Қазақстан" шахтасында апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесуінде айтты.

Кездесу барысында кеншілер үшін зейнеткерлік жасты төмендету мәселесі көтерілді.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта кеншілерге ертерек – 55 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатыр.

Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, "Қазақстан" шахтасында жоғалып кеткен және осындағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесті, сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізді.

"Қазақстан" шахтасындағы ТЖ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз