Алматыда қалалық маршруттарда дизельді автобустар жаңартылады

Сурет: видео скрині
21 тамыздан бастап №24 және №125 маршруттардың жылжымалы құрамы жаңартылады. Бұған дейін №24 маршрутта 6 дизельді автобус жұмыс істеген. Оның орнына енді 12 жаңа газбен жүретін автобус қызмет етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолаушылардың сұранысы бойынша бұл бағыт ұзартылды. Ендігі бағыт: Сайын - Момышұлы - Төле би - Розыбакиев - Өжет ықшам ауданына дейін Солтүстік айналма көшесімен жүреді. Алдыңғы маршрут ҮАК бойымен жүретін. Енді қозғалыс жиілігі 20 минут емес, 12-13 минут болады.

Сонымен қатар №125 маршруттың жылжымалы құрамы толығымен жаңартылады, онда бұрын 6-7 дизельді автобус жүрген болатын. 21 тамыздан бастап осы бағытта 10 жаңа газбен жүретін автобус шығарылады. Бұған дейін аталған маршруттың жиілігі 40 минутқа дейін ұзарған, жаңа автобустар шыққаннан бастап жүру жиілігі 15-18 минутқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Барлық жаңа автобус орташа сыйымдылықта, он метрлік, едені төмен, мүгедектігі бар жолаушыларға жағдайлар қарастырылған. Салқындату жүйесімен және пешпен жабдықталған.

Еске салайық, Алматыда биыл коммуналдық автопарк 600 газ автобусы мен 100 троллейбус сатып алуды жоспарға енгізген. 100 автобус қалаға келді және құжаттар ресімделгеніне қарай желіге шығарылып жатыр. Қалған автобустарды жыл соңына дейін қалаға жеткізу көзделген.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі