20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды

Сурет: rawpixel
Бүгін, 20 тамызда "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды. Бұл туралы "АрселорМиттал Теміртау" бас директорының көңіл айту хатында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

"Терең күйзеліспен "АрселорМиттал Теміртау" ұжымы атынан мезгілсіз қаза тапқан әріптес кеншілердің отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Бұл қаза отбасылар үшін, бәріміз үшін ауыр қайғы. Орны толмас қазаның қасіретін бөлісе отырып, қаза тапқан әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерге жан-жақты күтім мен оңалту бойынша көмек көрсетіледі". Владимир Яблонский

Владимир Яблонский cонымен бірге 20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланғанын айтқан.

Еске салайық, бұған дейін "Қазақстан" шахтасында қаза тапқан барлық кеншінің мәйіті табылып, олардың аты-жөні белгілі болған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы