Құтқарушылар "Қазақстан" шахтасында қаза тапқан соңғы кеншінің мәйітін шығарды

Сурет: zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін, 20 тамызда сағат 01:23-те "Қазақстан" шахтасында қаза тапқан бесінші кеншінің мәйіті жер бетіне шығарылғанын хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта тау-кен құтқарушыларының негізгі күш-жігері Д-6 көмір конвейерінің еңісіндегі қалған өрт ошақтарын сөндіруге бағытталған. Жұмыстарға тау-кен құтқарушыларының екі бөлімшесі жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов авариялық жұмыстарын жүргізу барысын одан әрі бақылап отыр.

"Атап айтқанда, ол КӘАҚҚ РШО басшылығының жұмыс барысы туралы баяндамалары тыңдалды, үздіксіз түтін, нөлдік көріну, көптеген өрт ошақтары, үлкен тереңдіктегі қазбалардағы жоғары температура жағдайында жүргізілетін жұмыстардың төтенше қаупі атап өтілді". Төтенше жағдайлар министрлігі

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрі іздестіру жұмыстарын тиімді жүргізгені үшін КӘАҚҚ РШО басшылығы мен жеке құрамына алғысын білдірді және жеке құрамның қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, қалған өрт ошақтарын жоюды қамтамасыз ету міндетін қойды.

"Қазақстан" шахтасындағы ТЖ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді