Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысымен кездесті

Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы Нгуен Фу Чонгпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, әңгімелесу барысында қазақ-вьетнам күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазақ халқы вьетнам халқы мен елдің жетістіктеріне зор құрметпен қарайды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев өз сапарының негізгі мақсаттарының бірі барлық саладағы ынтымақтастыққа, соның ішінде экономикалық қатынастарға тың серпін беру екенін жеткізді.

Президент екі елдің көпжақты байланыстарын нығайту үшін бірлескен жұмыстарды белсенді жүргізуге дайын екеніне тоқталды. Сонымен қатар Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық өзгерістер туралы айтты.

Өз кезегінде Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы Нгуен Фу Чонг Қазақстан мен Вьетнам арасында берік достық пен ортақ құндылықтарға негізделген тығыз әрі үйлесімді қатынас орнағанын атап өтті. Сондай-ақ Вьетнам халқы және жеке өзі Қазақстан мен оның халқына әрдайым ерекше құрметпен қарайтынын жеткізді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі